Тунис жағалауында болған кеме апатынан кем дегенде 17 адам суға кетті, – деп жазды Reuters агенттігі. Бортта болған мигранттар Жерорта теңізі арқылы Италиядан Ливияға өтпек болған. Қаза тапқандардың барлығы – Бангладеш азаматтары. Жағалау күзеті 380 адамды құтқарған. Reuters-тің жазуынша, кеме Ливияның Зуара портты қаласынан (елдің солтүстік-батысы) бағыт алған. Оның бортында Сирия, Мысыр, Судан, Эритрея, Мали және Бангладеш елдерінен келген мигранттар болған.
Жүктелуде...