ІІМ бақылауында: түрмедегі жатақхананың құлауына қатысты тергеу басталды

Ақтаудағы түрме жатақханаcының құлауынан 11 сотталушы зардап шегіп, оның үшеуі көз жұмды.

«Бүгінде олардың төртеуі медициналық тексеруден кейін мекемеге қайтарылды және олардың жағдайы жақсы. Қазіргі таңда, көз жұмған сотталушылардың жақын туыстарымен байланыс орнатылып, қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Зардап шеккендердің біреуі ауыр хәлде, үшеуі орташа деңгейде түрлі жарақат алған», – делінген ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Аталған фактіден кейін Маңғыстау облысының Полиция департаменті ҚР ҚК 278-бабының 3 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастағады.

Сондай-ақ, арнайы комиссия ҚАЖ мекемесінің аумағындағы барлық ғимараттарға техникалық тексеру жүргізуде.

Жағдай ІІМ басшылығының ерекше бақылауында.

Back to top button