ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Pfizer» компаниясымен вакцинаны жеткізу бойынша алдын ала келісімге қол жеткізді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Pfizer» компаниясымен 2021 жылдың 4-тоқсанында жеткізуге алдын ала келісімге қол жеткізілгенін хабарлайды. «2021 жыл наурыздан бастап «Pfizer» компаниясының өкілдерімен Сovid-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинаны жеткізу мүмкіндігі туралы келіссөздер рәсімдері басталды. Министрлік пен «Pfizer» компаниясының арасындағы өзара іс - қимыл шеңберінде құпиялылық туралы келісімге қол қойылды», - деп атап өтті ведомствода. Министрлік мәміленің негізгі шарттары туралы келісімдердің талаптарын оңтайландыру бойынша «Pfizer» компаниясымен тұрақты негізде келіссөздер жүргізуде, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің деңгейінде кеңес өткізілді.
Жүктелуде...