Азаматтық авиация комитеті Түркістаннан Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Қарағанды, Көкшетау, Петропавл, Павлодар, Семей, Талдықорған қалаларына субсидияланатын әуе бағыттарға конкурс өткізілгенін хабарлады. Бұл конкурс Қазақстан Республикасында ішкі туризмді дамыту, сондай-ақ ұшу географиясын кеңейту және Түркістан қаласы әуежайының көліктік қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асты. «Конкурс қорытындысы бойынша тұрақты рейстерді «SCAT» және «Qazaq Air» әуе компаниялары «CRJ2», «B-737», «Q400» әуе кемелерімен орындайтын болады», - делінген хабарламада. Алғашқы рейс биылғы 15 шілдеге жоспарланған, аталған бағыттар бойынша билет құны 16-25 мың теңгені арасында болады.
Жүктелуде...