Ақпарат комитетінің жаңа төрағасы тағайындалды

ҚР АҚДМ министрінің бұйрығымен Қанат Жұмабайұлы Ысқақов Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қанат Ысқақов 1982 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорының жетекші маманы ретінде бастаған.

2006-2009 жылдары – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық-саяси жұмыс департаментінің бас маманының м. а., бас маманы, сарапшысы.

2009 жылғы ақпан-қараша аралығында ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі болды.

2009-2011 жылдары – ҚР Мемлекеттік хатшысы Хатшылығының консультанты.

2011-2012 жылдары – ҚР ПӘ Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының сарапшысы; консультанты.

2012 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР Президенті Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі.

Back to top button