Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТ: Túrkistan апталығы – тәуелсіздік жылдарының жылнамасы, қоғамның құбыланамасы

 Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері

– Тәуелсіз Қазақстанмен бірге жасап келе жат­қан байсалды басылымдардың бірі – Túrkistan газеті. Түбі бір түркі халықтары тұ­тас­тығының символы саналатын киелі атау­ды алған басылымның ақпарат айды­нындағы орны бөлек. Túrkistan апталығы – тәуел­сіздік жылдарының жылнамасы, қоғам­ның құбыланамасы. Халықаралық басылым өзінің байыпты да бағамды бағытынан ай­ны­май, ел ықыласына бөленіп келеді.
Халық жазушысы Қалағаң, Қалтай
Мұ­ха­мед­жанов негізін қалаған басылымда Жазушылар одағының көптеген мүшесі жұмыс істеді. Әдебиет пен журналистиканы тел игерген белгілі қа­­лам­­дастарымыздың қарымды еңбегі ба­сылым бе­делін арттыра түсті.
Басылым биылғы URKER-2021 ұлттық сый­лығы аясында «Жылдың үздік газеті» атан­ған екен. Жүлде құтты болсын! Апталық ұжы­мына бұдан да зор табыстарға жете беруі­не тілектеспін!

Back to top button