«Жыл жаңалығы»: Иманбек GQ сыйлығына ұсынылды

Grammy сыйлығының иегері, отандық DJ Иманбек Зейкенов GQ журналының «Жыл жаңалығы» номинациясына ұсынылды.

Иманбектен басқа бұл марапатқа үміткерлер тізімінде актер Федор Федотов пен Владимир Онохов, музыкант Soda Luv, режиссер Евгений Сангаджиев бар.

Сонымен қатар, GQ сыйлығының «Экрандағы тұлға» номинациясына өскемендік стендап комик Евгений Чебатков ұсынылса, павлодарлық Скриптонит «Жыл музыканты» санатына ұсынылды. Режиссер Тимур Бекмамбетов жылдың үздік продюсері ретінде сыйлыққа үміткер.

Back to top button