Роза Рымбаев жақында Грэмми алған Иманбектің шығармашылығын сынады

Қазақстанның Халық артисі, әнші Роза Рымбаева жақында Грэмми алған отандық жас диджей Иманбектің шығармашылығын сынға алды.

Журналист әншіден қазіргі жастардың өз талантын танытуы үшін шетелге кетуіне қатысты көзқарасын,  Иманбектің музыкадағы ең басты сыйлықты жеңіп алуына қатысты пікірін сұрайды.

«Ал қазір Иманбек қайда? Не бітіріп жүр? Біріншіден, оған сәттілік жолдас болды. Ол – кәсіби музыкант емес. Жәй ғана, айы оңынан туды. Музыкалық туындының ырғағын, стилистикасын компьютерде отырып сәл өзгерткені болмаса, басқа ештеңе істеген жоқ. Оның жұмысына remix есебінде баға берді, ол – автор, орындаушы, я болмаса аранжировка жасаушы емес. Жәй ғана дайын әуеннің жылдамдығын еселеді, содан балалар әуені туды және ырғағы өзгерген. Бар болғаны сол», – деп жауап берді Р.Рымбаева.

Back to top button