10 шілдеде Алматы қаласында үлкен бокс кеші өтіп, соның аясында рингке бұрын еш жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек шығады, деп хабарлайды Sports.kz. Отандық боксшының қарсыласы Ұлыбритания өкілі Ронни Кларк (21-4, 10 КО) болмақ. BoxRec.com мәліметінше, кездесу жеңімпазына WBO нұсқасы бойынша екінші жартылай жеңіл салмақта Еуропа чемпионының титулы беріледі. Жекпе- жек он раундтан тұрады. Сұлтан Зауырбектің соңғы айқасы өткен жылдың соңында Алматыда өткен. Онда төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Украина файтері Владислав Мельникті (12-3, 7 КО) жеңді. Атап өтейік, бұған дейін қазақстандық боксшы жастар арасында WBC нұсқасы бойынша осы салмақ дәрежесінде әлем чемпионы титулына ие болған.
Жүктелуде...