Жаңалықтар

Алматыда пәтер жалдаушы әйел үй иесін өлтірді

Алматыда пәтер жалдаушы әйел үй иесін өлтірді. Қайғылы оқиға Алатау ауданындағы жер үйлердің бірінде болған.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам мен әйел кісі бір бөлмені жалдаған. Үй иесі оларға ішімдік ішіп, шулауға болмайтынын айтып, ескерту жасаған.

«Ол кете салысымен екеуі ішімдік ішіп, шулаған. Үй иесі оларға қайта ескерту жасаған. Осы кезде олардың арасында жанжал шыққан. Әйел үстелдің үстіндегі пышақты алып, үй иесіне салған. 50 жастағы ер адам сол жерде көз жұмды. Күдіктілер ұсталды. Екеуі де мас болған. Олар Алатау аудандық полиция басқармасына жеткізілді»,- деп хабарлады полициядан.

Аталған қылмысқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмысы басталды.

Back to top button