Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті Қазгидрометке сілтеме жасап ауа райына қатысты ескерту жариялады. 30 маусымда Алматыда сынап бағанасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Осыған байланысты,ТЖД төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:
- Күн сәулесі тікелей түсетін жерлерде мүмкіндігінше аз болуға тырысыңыз. Еске сала кетсек, сағат 12:00-ден 16:00-ге дейінгі уақытта күннің сәулесі белсенді болады. Денені күн сәулесінен қорғап, жабық киім киіңіз және күнен қорғайтын сықпа май қолданыңыз;
- Ішімдік ішпеңіз – алкоголь ыстықта ағзаға тез әсер етеді және дене жоғары температураға сезімтал болады;
- Сұйықты (салқындатылған су, минералды су) мүмкіндігінше көп ішіңіз;
- Денеге салмақ түсірмеңіз. Күшті жүктеме ыстықта жылу алмасуды арттырады да ағзаны сусыздануға әкеліп соқтырады;
- Автокөлікпен ұзақ сапарды шекпеуіңіз керек. Егер бұл мүмкін болмаса, жолда абай болыңыз, себебі, қатты ыстықтан көңіл күй төмендеп адам өзін өзі нашар сезінуі мүмкін және реакция төмендейді;
- Балаларды көліктің ішіне аз уақытқа болса да қалдырмаңыз. Қатты ыстықтан бала есінен танып қалуы мүмкін.