Ертең Елбасы Владимир Путинмен кездеседі

Ертең Мәскеу қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев РФ президенті Владимир Путинмен кездеседі. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында жазды.

«30 маусымда Мәскеуде Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің кездесуі өтеді. Келіссөздер барысында ЕАЭО-ны одан әрі дамытудың перспективалары мен аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылау жоспарлануда», – деп жазды Айдос Үкібай.

Back to top button