Жаңалықтар

Ақтөбеде жол апатынан аман қалған екі мектеп директоры облыс орталығына жеткізілді

Ақтөбеде жол-көлік апаты кезінде аман қалған екі мектеп директоры орталыққа жеткізіліп, біреуіне ота жасалды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ойыл-Қобда жолында көлік аударылып, екі мектеп директоры көз жұмды. Олар №20 мектеп директоры Бағдат Үрімбаева және №33 мектеп директоры Альмира Орақова . Ал екеуі Ойыл аудандық ауруханасына жеткізілді.

«Санавиациямен облыс орталығына жеткізілген бір науқасқа ота жасалды. Оның жағдайы орташа ауыр. Қазір политравма бөлімшесінде емін жалғастырып жатыр. Кеше тағы бір науқас Жедел жәрдем ауруханасына санавиациямен жеткізілді. Ол жансақтау бөлімінде, жағдайы тұрақты ауыр», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.

Back to top button