Ақтаудағы 14 жастағы баланың өлімі: болжамды нұсқалар аталды

23 маусымда Ақтауда 14 жастағы жасөспірім қаза болды. Сарапшылар қайғылы жағдайға себеп болуы мүмкін екі нұсқаны атады. Ол қоршаудан құлағаннан немесе электр тогы соққаннан болуы мүмкін. Оқиғаға қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, – деп жазды Lada.kz басылымы.

Қайғылы оқиға 23 маусымда сағат 22:00 шамасында «Волна» базары мен № 7 мектеп-лицейі қоршауының ортасында болған.

Сондай-ақ, Ақтау әкімінің орынбасары 15 маусымнан бері көше жарығына қызмет көрсетумен «Ақтау Сервис Құрылыс» ЖШС айналысатынын айтты. Компания директоры Әбдіғалиев Есенжол Қуандықұлы.

«Бүгінде тұрғын үй кешені желісі бойынша ішкі тергеу басталды: электрмен жабдықтау, сымдар және т.б. жұмыстар бойынша, оның ішінде бағанаға қатысты. Бүгін жедел жиналыс өткізіліп, барлық сервистік компаниялар мен ПИК-ке ішкі желілерін, көшені жарықтандыруды, электр жабдықтарының жай-күйін қаланың барлық шағын ауданында толық тексеру үшін тиісті нұсқаулар берілді. Жоспарланған жұмыстар нақты жүргізіліп жатыр. Бірақ қала бойынша 12 255 баған бар, оның ішінде 8122 шам, 5183 жарықдиодты шам, сымдар – 409 шақырым, әуе желілері – 68 шақырым, трансформаторлар – 198. Қалалық білім бөліміне мектепішілік желілерді, ал мердігерге барлық қалалық желіні тексеруді тапсырдық», – деді ол.

Серік Ғұсманның айтуынша, егер жасөспірімнің өліміне электр тогының соғуы себеп болса, онда тиісті органдар бұл үшін жауап береді.

«Біз тергеу жүргіземіз. Бұл қызмет көрсеткен немесе жұмыс істеп жүрген бұрынғы қызметкерлердің немқұрайлығы. Келісімшартта мұның бәрі жазылған», – деді Серік Ғұсман.

Back to top button