Алматыда коронавирустың «үнді» штамы табылды деген қауіп бар

Бұл туралы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді.

«Алдын ала деректер бойынша, оның қала бойынша айналым ықтималдығы анықталды. Толық геномдық зерттеу үшін қосымша уақыт қажет», – деді С.Байғабылов.

Бұған дейін Алексей Цой Нұр-Сұлтанда тіркелген коронавирус деректерін тексеру барысында «дельта» немесе үнді штамының белгілеріне ұқсас жағдайдың тіркелгенін айтқан болатын. Министр бұл штамның өзгелерден айтарлықтай ауыр екенін ескертіп, осыған байланысты өңірлерден дәрі-дәрмек пен медициналық көмекке қажетті барлық жабдықпен қамтылуды сұрады.

«Дельта» немесе үнді коронавирус штамы аса контагиозды және анықталған штамдарға қарағанда жұқпалығы 60 пайызға жоғары, қазіргі айналымдағы штамдар 1 адамнан орта есеппен 3-4 адамға таралатын болса, бұл штамм 5-6 адамға бірден жұғады және 7 күнге созылатын қысқа инкубациялық кезеңмен ерекшеленеді.

Back to top button