Өздері шалақұрсақ болса да, ақшасын еліне жібереді екен…

Ресейдің Екатеринбург қаласында православие қайырымдылық асханасы ашылған. Асхана директоры Наталья Овчинникованың айтуынша, бұл асхана кедей зейнеткерлерге, қарт адамдарға, үйсіздерге, Шешенстаннан, Донбасстан келген босқындарға, көшеде жүрген үйсіз-күйсіз жасөспірімдерге, жетім балаларға тегін тамақ береді екен. Қазір бұлардың қатарына Ресейге жұмыс істеуге келген өзбектер мен тәжіктердің жергілікті ұлт өкілдерінен алған әйелдері де қосылған көрінеді. Олар күн сайын балалармен келеді және тамақ талондарын алады. Ер адамдар өздері бармайды, бірақ оларға тамақты әйелдері апарып беретін көрінеді. Солайша гастарбайтер еркектер  бар  тапқан ақшаларын еліне жіберіп, мұндағы отбасын ашқұрсақ ұстайтын көрінеді.

Бір қызығы, асханада иесі келушілердің арасында ешқашан өзбек немесе тәжік әйелдерін көрмегендерін байқаған. Келген жағдайда оларды да тегін тамақтандырудан бас тартпас едік дейді Н.Овчинникова.

Back to top button