Ғұмыр қысқа, жол ұзақ

Ғұмыр қысқа, жол ұзақ

Ғұмыр қысқа, жол ұзақ
ашық дереккөзі
676

1992 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факуль­теті­не 50-ге жуық студент оқуға түстік. Тәуелсіздіктің алғашқы жыл­дарындағы түрлі өзгерістер мен жаңалықтар біздің көз алдымызда өтіп жатты. Солардың бірі – білім беру жүйесіндегі үш деңгейлі оқыту. Біздің курс журналистиканың бірнеше бағыты бойынша қа­былданды. Мерзімді баспасөз, телерадио, халықаралық жур­налистика, баспа ісі салаларында бірнеше оқу тобы жасақталып, ал­ғашқы эксперименталды курс ретінде оқытудың жаңа фор­матына көштік. Бакалавриатта оқу мерзімі қысқартылғанымен, жал­пы мазмұн көп өзгере қоймаған кез.

Журналистика факуль­те­тінің сол кездегі декан­да­ры Ю.Крикунов, Н.Омашев, Б.Жа­қып студенттердің жақсы білім алуы­на жағдай жасау үшін тынбай ең­бек етті. Факультеттің ғылыми әлеуе­ті жоғары болатын. Ұстаз­да­ры­мыз Т.Қожакеев, Р.Алтынбекова са­тираға, М.Барманқұлов те­ле­ви­зия­ға, А.Мархабаев фантастикаға, Н.Омашев, К.Қабылғазина радио­жур­налистикаға, С.Қозыбаев, Қ.Ал­да­берген баспасөз тарихына, К.Қам­зин, Б.Жақып, А.Шәріп, Б.Омар­ұлы публицистиканың тарихы мен тәжірибесіне, жанрлар жүйесіне, Д.Баялиева баспасөздің тілі мен сти­ліне қатысты ғылыми еңбектер, оқу құралдарын, оқулық­тар жазды. Ай­та кетуіміз керек, аталған ең­бек­тер әлі күнге жур­налистика ма­ман­дарын даяр­лайтын оқу орын­дарын­да пай­да­ланылып келеді. Өкініштісі, аты аталған ұстаздар­дың бірқа­тары дүниеден озып кет­ті. Тәуелсіздіктің алғашқы жыл­дары­на дейін журналистика та­рихын зерттеу өзекті мәселе­лер­дің бірі болған. Өйткені солақай сая­сат алғашқы газеттер мен Алаш қай­раткерлері шығарған басы­лым­дарды қарастыруға мүмкіндік бер­ме­ген. Қолымызда бары профессор Қ.Бекхожиннің, Б.Кенжебаев пен Т.Қо­жакеевтің баспасөз тарихына қа­тысты оқу құралдары. Тек тоқ­са­нын­шы жылдардың басында ғана мұрағатта шаң басқан газет-жур­нал­дарды парақтап, баспасөз та­рихын жинақтаған ұстаз Қы­рық­бай Мазанұлының еңбектері ар­қы­лы біз көптеген ақпаратқа қа­нық­тық. Ол кісінің алғашқы оқырманы да біз болдық. Ұстаздың «Қазақ жур­на­лис­тикасының тарихы» пәніне қан­шама тың деректермен келе­ті­нін әр сабақ сайын байқайтынбыз. 1993 жылы сол жинақтаған мәлі­мет­тердің негізінде «Отарлау сая­са­тының ойрандары» моногра­фия­сын жарыққа шығарды. Қырықбай ағай дәріс барысында мұрағаттан жинақтаған ақпаратты айтып тауы­са алмайтын. Сондай қажырлы ең­бектің арқасында жазылған «Қа­зақ журналистикасының тарихы» оқу­лығы 1996 жылы «Рауан» бас­па­сынан жарық көрді. Әсіресе, 1994 жы­лы жарық көрген «Алты Алаш­тың ардақтылары» кітабы ерекше маз­мұнды шықты. Шоқан Уәли­ха­нов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құ­нанбайұлы, Мәшһүр Жүсіп Кө­беев, Әлихан Бөкейханов, Сұл­тан­махмұт Торайғыров, Т.Рысқұлов, Сұл­танбек Қожанов сынды ұлт зия­лыларының баспасөз бет­терін­дегі мақалаларын талдады. Отандық журналистика та­ри­хын зерттеуде Қырық­бай Алдабергеннің ең басты ерек­шелігі – ел басына күн туған ке­зең­де жарық көрген басылымдардың шығу тарихына, қайраткерлердің сол кездегі саяси көзқарасына ұлт­тық мүдде тұрғысынан баға беру. Бас­па­сөз тарихын сараптаудағы екін­ші ерекшелігі – Алаш басы­лым­дарының бағыт-бағдары мен маз­мұнын айқындап көрсету. Үшін­ші, ғалыми зерттеулері қазақ бас­пасөз тарихының қалыптасу, даму кезеңдерінен бастап, әлем жур­налистикасының жалпы си­па­тын, шетел журналис­тика­сын­дағы озық тәжірибелерді көрсетуді мақ­сат еткен. Тәуелсіздіктің алғашқы он­жыл­дығында ғалым Қы­рық­бай Мазанұлының зерттеу ең­бек­тері бірінен соң бірі жарыққа шық­ты. Журналистика мамандығы бойын­ша білім алушылар сол кез­дері ұстаздың кітаптарын кітап­ха­надан іздеп таппай қалушы еді. Қат, қажет болған соң қолдан түспейтін. Әрі жоғары оқу орнында журналис­тика тарихына, теориясы мен тә­жі­рибесіне жаңа көзқарас қалып­тас­тырудың, оны оқытудың маңы­зы зор болатын. 2001 жылы ҚР ҰҒА-ның Ш.Уә­ли­­ха­нов атындағы тарих және эт­нология институты жанындағы дис­сертациялық кеңесте «Ресейдің Қазақстандағы отарлау саяса­ты­ның бағыттары мен нәтижелері» тақырыбында докторлық диссер­та­циясын қорғағанын естідік. Ұстаз­дың ұзақ жылдар бойы тір­нектеп жинаған деректері мен ты­нымсыз ізденісінің нәтижесіне жет­кеніне қатты қуандық. Одан кейін­гі жылдары Қырықбай Ма­занұлы өзінің туған жері Баянауыл өл­кесіне қызмет етуге кетті. Сол жақ­тағы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік униве­р­си­теті тарих, археология және эт­но­логия кафедрасының меңгерушісі, 2004-2006 жылдары Павлодар мем­­лекеттік педагогикалық инс­ти­тутының ғылыми жұмыстар жө­нін­дегі проректоры, 2006-2016 жыл­­дары С.Торайғыров атындағы Пав­лодар мемлекеттік универси­те­тінде журналистика кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған. Туған жердегі қызмет еткен жыл­дарында ғалым-ұстаз тұлғатанумен айналысқан. Оған дәлел, осы жыл­дары жарық көрген «Біртуар дара тұлғалар», «Айдабол Сары батыр», «Ба­ласымын артқан сенім», «Алаш көсемсөзінің жауһарлары» атты еңбектерін атап өткеніміз абзал. 2016 жылдан бастап Қырықбай Ма­занұлының еңбек жолы Л.Гуми­лев атындағы Еуразия ұлттық уни­вер­ситетінде жалғасты. Ғалымның зерт­теулері елордада жаңа тыныс­пен жалғасып, ауқымын арттыра түсті. Оның «Көне басылымдар. Құн­ды деректер. Алаштың ардақ­тылары», «Қазақстанның облыстық және аймақтық баспасөзінің та­ри­хы», оқу құралдары, «Өткенге са­лауат, ертеңге аманат» мақалалар жи­нағы, «Ғұмыр қысқа, жол ұзақ» атты өлеңдер жинағы жарық көрді. Қырықбай Мазанұлының ғылыми, ақындық, публицистік мұрасы алда­ғы уақытта зерттеуді қажет етеді. Қырықбай Мазанұлымен ара­ға жылдар салып, бір ка­федрада кездестік. Ұстазым сол бая­ғы қалпы, өзіне жарасымды жы­миыспен амандасты. Сәттілік ті­леді. Студент кезімде көрген ұстаз қа­лың теріден тігілген сөмкесін ұстап, дәрісханаға асығып барады. Әрбір оқытушының оқыту әдістемесі мен педагогтік ше­берлігі болады. Сондай ерек­ше­ліктерімен есте қалған Қырықбай Мазанұлы тәртіп пен адалдықты жақ­сы көретін. Ұстаздың қатаң та­лабын жақсы түсінетін шәкірт­тер сабақтан кешікпейтін, қалмай­тын. Үзілісте дәрісхананың алдын­да қаумалап Қырықбай ағайды кү­тіп тұратын еді. Бакалаврда оқи­тын студенттер ғана емес, док­торант­тар ұстаздың сабағын жі­бер­мей қатысатын. Бір айта ке­тетіні, Қырықбай Мазанұлының қа­талдығы «шәйі орамал кепкенше» ғана болатын. Семестр соңында ұстаз бен шәкірт қимай қоштасып, бір-біріне алғыс айтып отырушы еді. Бірде темірдей тәртіпті талап ететін Темірбек Қожакеев жайлы ес­ке алыстық. Сонда Қырықбай ағай күлімдеп: – Темкең менің кураторым бол­ды. Староста болатынмын. Кейде екеу­міз келіспей қаламыз да, мен ашу­ланып кетіп қалатынмын. Кейін Темкең ашуым басылған соң ша­қырып алып, татуласушы едік, – деді. Қаталдық пен тәртіп жағы­нан ұстазға тартқанымен, екеуі де мейірімді болатын. Кейін Қы­­рықбай Мазанұлының уни­вер­си­тет­ке келуіне Темірбек ұстаз се­беп­ші болғанын да өзі айтып бер­ген еді. Қырықбай ағайдың өз ісіне берілгені сонша, жаңадан бе­ріл­ген пәнді студенттермен жа­ры­са игеруге тырысатын. Студент­тер­дің кәсіби шеберлігін арттыру, шы­ғармашылық қабілетін дамы­туға барынша көңіл бөліп, танымал журналистерді шақырып кездесу ұйымдастыратын. Республикалық пәндік олимпиадаға апарып, бас жүлде алып қайтқаны да кешегідей есімізде. Ғылымға бейімі бар ма­гистранттар мен студенттердің, док­торанттардың мақалаларын жи­настырып, әрқайсысын талдап, тү­зетіп бірнеше жинақ етіп шығар­ды. Ғылыми мақаласы жинаққа ен­ген студенттердің көпшілігі қа­зір магистратура мен докторан­турада білім алып жүр. Ұстаздың қамқорлығын көріп, қанатының ас­тында болғандары оның адал­ды­ғын ерекше бағалайды. Пандемия басталып, каран­тин талаптары күшейген сәтке дейін Қырықбай Мазанұлы ғы­лыми жоба дайындаумен болды. Күн­делікті тынымсыз тірлігімен аяң­дап жүріп, ойламаған жерден ор­тамыздан кетіп қалды. Адамзат­ты дәрменсіз күйге түсірген коро­на­вирус пандемиясының бастал­ға­нына жылдан асып барады. Қы­рық­бай ағайдың мәңгілік мекенге көш­кеніне де бір жыл. Ғалым, ұстаз Қырықбай Мазанұлы Алдабергенов туралы естелік жазу көптен ойда жүр еді. Қолыма «Ғұмыр қысқа, жол ұзақ» өлеңдер жинағын алып, бір­неше рет оқып шықтым. Осы кі­тап­ты көргенде Қайрат Өмір­бай­ұлы «ұстазымыз өз ғұмырын қысқа қайырып кетіпті-ау» деп күрсінді. Шынында, кейде ой мен сөздің шын­дыққа айналатынын естен шы­ғарып аламыз. Ғұмыр қысқа бол­ғанмен, жолыңыз ұзақ болғай. Ға­лымның рухани өмірін жал­ғас­тырар қалың орман шәкірті бар. Соңында сүйікті жары мен ардақты қызы – Алтынай қалды. Қырықбай Мазанұлының жылы жүзі әріптес­тердің, шәкірттердің, оны білетін бар­ша жанның есінде қалары сөз­сіз.

Гүлмира ӘШІРБЕКОВА, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, ф.ғ.к.

Серіктес жаңалықтары