Жылқының жаппай қырылуы: министр әкімдіктерді кінәлап отыр

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Маңғыстау облысында жем-шөп аз болу себебінен жылқының жаппай қырылуына қатысты түсінік берді, – деп жазды Tengrinews.kz.

Ауыл шаруашылығы министріне Маңғыстау облысында жылқылардың қырылып қалу мәселесі туралы сұрақ қойылды.

«Аудандық әкімдіктер тарапынан немқұрайлық болды ма? Қарызға жем беру мәселесін ертерек қарастыруға болмас па еді?», – деді ОКҚ брифингінде БАҚ өкілдері.

«Бұл аудандық әкімдіктердің олқылығы. Олар жергілікті жерлердегі жағдайды Ауыл шаруашылығы министрлігіне немесе облыс әкімдігіне қарағанда жақсы біледі. Егер олар жағдайды алдын ала ескертіп, қолдау шараларын ұсынса, Үкімет тарапынан бұл көмекті ертерек көрсететін едік», – деді Сапархан Омаров.

Еске салайық, бұған дейін Желіде Маңғыстау облысында аштан азып кеткен жылқылардың суреттері талқыланып жатқаны хабарланған болатын.

Суреттерді Facebook қолданушысы Бердімұрат Төрекенов жариялады.

Оның айтуынша, Маңғыстау облысындағы бірнеше ауылда жылқылар өлім аузында тұр. Биыл жаңбыр жоқ, жайылымдар кеуіп кеткен, жем жетіспегеннен жылқыларға берер азық жоқ.

Back to top button