Мемлекет басшысы адвокаттық қызмет туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорда сайтында мәлім етілді.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

«Конституциялық Кеңес құжаттың Қазақстан Республикасының Ата заңына сай келетінін мәлімдеді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Үкіметке депутаттық корпуспен бірлесіп, қолданыстағы қазіргі заң жобасы аясында кейбір Заң нормаларын заңнамалық тұрғыдан нақтылау жөніндегі Конституциялық Кеңестің ұсыныстарын қарастыруды тапсырды», – деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те.

Еске салайық, биылғы 12 мамырда ҚР Президенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды Республика Конституциясына сәйкестігіне тексеру туралы Конституциялық Кеңеске жүгінген болатын. 4 маусым күні Конституциялық Кеңес Президенттің өтініші бойынша шешім қабылдады.

Back to top button