Қазақстанда 2,2 млн. адам вакцина салдырды

Елімізде коронавирус вакцинасының екінші компонентті салдырғандар саны 1 179 504 адамға жетті.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі Қазақстанда 2 230 018 адамға коронавирус вакцинасы егілгенін хабарлады.

6 маусымдағы мәліметке сәйкес, Қазақстанда 2 230 018 адам коронавирус вакцинасының бірінші компонентін салдырды. Екінші компонентті салдырғандар саны 1 179 504 адамға жетті.

Нұр-Сұлтан – I компонент 167 108, II компонент 105 747;
Алматы қаласы – I компонент 319 639, II компонент 206 354;
Шымкент қаласы – I компонент 183 527, II компонент 92 364;
Ақмола облысы – I компонент 77 652, II компонент 39 205;
Ақтөбе облысы – I компонент 86 627, II компонент 41 682;
Алматы облысы – I компонент 232 431, II компонент 138 213;
Атырау облысы – I компонент 59 719, II компонент 22 616;
ШҚО – I компонент 147 921, II компонент 77 311;
Жамбыл облысы – I компонент 116 239, II компонент 47 872;
БҚО – I компонент 77 222, II компонент 34 182;
Қарағанды облысы – I компонент 166 671, II компонент 111 942;
Қостанай облысы – I компонент 89 820, II компонент 42 342;
Қызылорда облысы – I компонент 89 124, II компонент 37 544;
Маңғыстау облысы – I компонент 42 112, II компонент 22 338;
Павлодар облысы – I компонент 87 048, II компонент 44 882;
СҚО – I компонент 75 156, II компонент 42 129;
Түркістан облысы – I компонент 218 002, II компонент 78 781.

Back to top button