Президент әкімшілігі бірнеше Mercedes Benz автокөлігін сатуға қойды

Қай мемлекетте болса да ел билігі тарапынан жасалатын барлық әрекет әр кез қоғамның назарында. Сондықтан ол жақтан болып жататын түрлі жаңалықтар халыққа  маңызды әрі қызықты, кейде тосын көрініп жатады.

Өзбекстан Республикасы президенті әкімшілігі өздеріне тиесілі бірнеше неміс жеңіл автөкөлігінің сатылатынын айтып, оларды электронды аукционға қойған.

Ол жақта шетелдік көліктер біздің елге қарағанда өте аз екені белгілі. Сондықтан Германияның сапасы жоғары әрі бұл елде қол жеткізу қиын жеңіл көліктерін сатып алуға қызығатындардың көп болатыны анық.

Жеңіл автокөліктердің ауциондағы әуелгі құны 129,6 млн сум және 188 млн сумнан басталатыны айтылған. Сәйкесінше, олар біздің ақшамен 5 184 000 және 7 520 000 теңге шамасында болады.

Жұртты ел билігінің өздеріне тиесілі жеңіл көліктерді сатуына не себепші болғаны қызықтыруда.

Back to top button