Демалыс күндері еліміздің солтүстігі мен шығысында үсік жүреді. «Қазгидромет» таратқан ақпаратқа сүйенсек, Скандинавия аудандарынан суық антициклонның келуі республиканың солтүстік және шығыс жартысында ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әсер етеді. Түнде 2-7 градусқа дейін жылы болады, кей жерде 2 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз 10-20 градус жылы болады.
Жүктелуде...