Қостанай облысына жаңа прокурор тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша аға әділет кеңесшісі Берік Рахатұлы Әбілов Қостанай облысының прокуроры қызметіне тағайындалды.

Берік Әбілов 1971 жылы Талдықорған облысының Жаркент қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Талдықорған қаласы прокуратурасында тағылымдамадан өтуші қызметінен бастаған. Алматы қаласы прокуратурасының тергеушісі, аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі, Бас прокуратураның басқарма бастығы, қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары лауазымдарын атқарды. Қаржы полициясы органдарында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2018 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының бірінші орынбасары лауазымын атқарды.

Back to top button