Алмарасанда мас күйде Porsche көлігін жүргізген әйел көлік апатына ұшырады

Алмарасанда мас күйде Porsche көлігін жүргізген әйел көлік апатына ұшырады

Алмарасанда мас күйде Porsche көлігін жүргізген әйел көлік апатына ұшырады
ашық дереккөзі
Алматыда Алмарасан шатқалында 30 мамырда түнде  жол көлік оқиғасы болды. Шатқал ішінде Porsche Cayenne автокөлігінің жүргізушісі бұрылыста тізгінге ие бола алмай, жол шетіне шығып кетті. Көліктің қатты жылдамдықпен келе жатқаны соншалық, жолдан шығып кеткен соң 20 метр жердегі өзен жағасына барып әрең тоқтаған. Көлік жүргізіп отырған әйел жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның өміріне қауіп төнетіндей жарақаты жоқ екенін айтты. Көлікте тағы бір адам болған. Ауруханада алғашқы көмек көрсетілген соң, жүргізуші әйел  наркологиялық тексерістен өтіп, оның мас күйде болғаны расталды.