ҰБТ тапсырған 500 түлектің тест нәтижесі жойылды

Қазақстандық 500 түлектің ҰБТ нәтижесі жойылды.Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазба жариялады. 

«Достар, тест тапсырмаларын немесе олардың үзіндісін аудиториядан шығару – ереже бұзушылық болып табылады. Сондықтан ҰБТ нәтижесі жойылады. Осы күнге дейін 85 000 тестіленушінің ішінен 500-інің нәтижесі жойылды және тест тапсырмаларын шығарып, таратудың да еш мәні жоқ – тест базасы күнде жаңартылады. Күнде жаңа сұрақтардың құпиялылығы шешіліп, бағдарламаға кіргізіледі. Өздеріңізді алдамаңыздар», – деп жазды ол.

Айта кетейік, биыл түлектердің ҰБТ-ны екі рет тапсыру мүмкіндігі бар. Олар ең жақсы нәтижесі бар сертификатпен мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса алады.

Back to top button