Спорт

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатында Германия командасын жеңді

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатының төртінші кездесуінде Германия командасын 3-2 есебімен жеңді.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық хоккейшілер 2021 жылғы әлем чемпионатын жеңіспен бастап, бірінші кездесуде Латвия құрамасын жеңген болатын. Ал екінші ойында олар қазіргі әлем чемпиондары – Финляндия командасын жеңіп, сенсация жасаса, үшінші ойында АҚШ хоккейшілеріне есе жіберіп алған болатын.

Қазақстандық хоккейшілер 28 мамыр күні өтетін топтық кезеңнің келесі ойынында Канада құрамасына қарсы ойнайды. Кездесу елорда уақыты бойынша 19:15-те басталады.

Back to top button