Қазақстандық альпинистер әлемдегі ең биік он төрт шыңды түгел бағындырған күн

2010 жылғы 24 мамырда қазақстандық альпинистер командасы әлемдегі ең биік он төрт шыңды түгел бағындырған тұңғыш команда атанды.

2010 жылғы 16 мамыр күні Қазақстан Қорғаныс министрлігінің ЦСКА СК бір топ қазақстандық альпинисі Гималай тауларындағы Лхоцзе шыңын (8516 м) бағындырды. Қазір Қазақстан құрамасы әлемдегі биіктігі 8000-нан асатын 14 шыңның барлығын бағындырды. Екі айға жуық уақытқа созылған экспедицияға Мақсұт Жұмаев, Александр Сафрыгин, Василий Пивцов, Дмитрий Хонин, Ильдар Габбасов және Владислав Чехлов қатысты. Ұлттық құраманы ЦСКА-ның бас жаттықтырушысы, бұрынғы КСРО аумағындағы альпинизмнің тәжірибелі және әйгілі тәлімгерлерінің бірі Ерванд Ильинский басқарды.

Команда әлемге әйгілі альпизмнің «Оскары» –«Әлемнің алтын мұз балтасын» алды.

123545

Лхоцзе шыңын бағындырудағы сәтсіздіктер

2009 жылғы мамырда Лхоцзе шыңын бағындыру кезінде Сергей Самойлов қайтыс болды. Ал Мақсұт Жұмаев мен Василий Пивцовты қар көшкіні басқан. Абырой болғанда, екеуі де аман қалды.

«Қазақстан альпинистері таудың баураймен жүрді. Сергей Самойлов үшінші және төртінші лагерь арасында болған. Соңғы рет оны тірі кезінде 7 500 метр биіктікте көрдім. Осыдан кейін оның денесі екінші лагерьдің жанынан 6 800 метр биіктіктен табылды. Лагерьлер арасында тік беткей бар. Болжам бойынша, Сергей қар көшкінінде қаза тапты» – деді Денис Урубко.

Сергей Самойлов – 1958 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген. Үш баланың әкесі. Ол Алматы қаласының құтқару қызметінде және ЦСКА-да альпинизм жаттықтырушысы болып жұмыс істеді. Сергей Самойлов альпинизмде еңбегі сіңген спорт шебері. Шетелге өз жетістіктерімен танымал болды. Ол – 2006 жылы Гималайдағы бұрын соңды болмаған жаңа тау жолын өткені үшін беделді халықаралық сыйлық – «Азияның алтын мұз балтасын» алған Қазақстандағы алғашқы тау спортшысы.

Әділет МЕЙРАМБЕКОВ

Back to top button