Коронавирус: Қазақстанда тағы бір вакцина клиникалық сынаққа дайын

Бұл туралы Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты бас директорының орынбасары Ерғали Әбдірайымов айтты.

«Коронавирусқа қарсы ол вакцинадан (QazVac) бөлек әртүрлі платформаларда тағы 5 вакцина әзірлеп жатырмыз. Олардың ішінен бір вакцина дайын болды және жануарларға клиникаға дейін зерттеуден өтті. Таяу уақытта Денсаулық сақтау министрлігінен клиникалық зерттеудің бірінші сатысынан рұқсат аламыз деп күтіп отырмыз», – деді Ерғали Әбдірайымов.

Сонымен қатар директордың орынбасары QazVac вакцинасына қатысты пікірін де білдірді.

«Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты 60 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп тұрғанын білесіздер. Осы уақыттың ішінде түрлі 70-ке жуық препарат әзірленді. Олардың 60 пайыздан астамы қолданысқа іс жүзінде енгізіліп отыр. Елімізде алғаш коронавирус жағдайы тіркелгенде Президент отандық вакцина әзірлеуге тапсырма берген болатын. Біз сол тапсырманы орындауға кірістік. Қазір вакцинаны жедел шығарып жатырмыз. Алғашқы топтамасы жіберілді, екіншісі де дайын болып қалды. «СҚ Фармациямен» арадағы келісімшартқа сәйкес, жылдың соңына дейін вакциналарды бізге белгілеп берген хабтарға жеткізіп отырамыз», – деді ол.

Back to top button