Орал тұрғыны полицейден қорқып, есірткі салынған пакетті жұтып қоймақ болған

БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, жедел іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері «Skoda Octavia» көлігін тоқтатқан. Ішінде екі ер адам отырған. Полицейлер көліктен шығуды сұраған уақытта олардың бірі шағын пакеттің ішіндегі ақ ұнтақты аузына төгіп жіберуге тырысқан. Бірақ бұған полицейлер мүмкіндік берген жоқ.

Ақ кристалды заттар салынған пакеттерден бөлек, екі жас жігіттен тіркелмеген травматикалық қару табылды. Оларды тасымалдап бара жатқан ер адам такси жүргізушісі болып шықты.

5450915c ae56 44bf 896b efaa7674d94e

«Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК 296-бабына (құрамында есірткі бар препараттарды заңсыз қолдану) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Бірнеше сараптама тағайындалды. Такси жүргізушісі автокөлігіне отырғандардың не тасымалдап жүргенін білмеген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады ведомстводан.

2191f393 dc3c 456f a692 17fd90c31b62

Back to top button