Шағын футболдан Қазақстан Президентінің Суперкубогының жеңімпазы анықталды. «Есіл» әуесқой командасы шағын футболдан Қазақстан Президентінің Суперкубогын иеленді. Команда финалда «Qurman» командасынан басым түсті. Негізгі және қосымша уақытта ойын есебі 1:1-мен аяқталды. Пенальти тебуден «Есілдің» жолы болды. Чемпиондарға Кубок пен 1 млн теңге берілді. «Biim League» турнирдің қола медалін алды. 3-орынға таласта «Biim League» «ДИиК МО РК» командасын 7:2 есебімен жеңді. Үздік ойыншы - Никита Утробин (Biim League) Үздік шабуылшы - Алмас Зиятов (ДИиК МО РК) Үздік қорғаушы - Марсель Нығматжанов (Qurman) Үздік қақпашы - Марат Дайыров (Есіл) Турнирге 10 футбол командасы қатысты.
Жүктелуде...