«Ректорлар тізімі»: министр докторантураға түсу мәселесі туралы айтты

«Ректорлар тізімі»: министр докторантураға түсу мәселесі туралы айтты

«Ректорлар тізімі»: министр докторантураға түсу мәселесі туралы айтты
ашық дереккөзі

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов биыл докторантураға түсу емтихандары Ұлттық бірыңғай тестілеу пунктерінде өтетінін айтты.

«Биыл докторантураға түсу емтихандары да ҰБТ-ға қойылған талаптар негізінде және ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізілген пунктерде өтеді. Бұл бізге «ректорлар тізімі» деген алып-қашпа сөзді және осындай тәуекелдерді ұмытып, докторантураға ең мықты және лайықты үміткерлердің оқуға түсуіне тиісті жағдай жасауға мүмкіндік береді деп ойлаймын», – деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында. Оның атап өтуінше, докторантураға түсуге үміткерлер эссені де, басқа да тапсырмаларды да компьютерлермен бейнекамералардың алдында отырып жазады. «Былтыр магистратураға түсушілердің емтиханын пилоттық режимде электронды форматта қабылдадық. Оқуға түскен азаматтар емтиханның расында әділ түрде өткенін айтып жатыр. Биыл бұл жұмыс жалғасын табады. Бұдан былай магистратураның емтихандары осы форматта өтеді», – деді білім басшысы.