Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

13 мамырда Қазақстанның батыс, шығыс және солтүстік-шығыс бөліктерінде құбылмалы ауа райы сақталады: жаңбыр жауып, найзағай болады, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Республиканың қалған аймақтары жоғары атмосфералық қысым алқабында болғандықтан ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерде жел күшейеді, оңтүстік және солтүстікте – тұман, оңтүстік батыста – шаңды дауыл күтіледі, шығыста бұршақ жаууы ықтимал.

Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл болып, жел 15-20 м/с, Түркістан облысында желдің екпіні 23 м/с күшеюі күтіледі. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман бақыланып, күндіз желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с күшеюі күтіледі.

Жамбыл, Атырау, Павлодар, күндіз Ақмола, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында – тұман бақыланып, күндіз Шығыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал, Қызылорда облысында шаңды дауыл күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде, Алматы облысының жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Back to top button