Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне СҚО ауылдарының бірінің 53 жастағы тұрғыны хабарласып, 1989 жылы туған ұлы Бақтияр Талғатұлы Теміржановтың хабарсыз кеткеннін айтқан. Өтініш иесінің айтуынша, ұлы 7мамырда сағат 08:00 Көкшетау қаласындағы үйінен шығып содан хабарсыз кеткен. Жоғалған адам дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Жоғалған адамның белгілер: бойы 175-180 см, дене бітімі жұқалау келген, шашы қара, қысқа қиылған, құлақтары орташа, көздері қысыңқы, қоңыр түсті. Үстіне сұр джинсы, қара көк куртка, аяқтарында қоңыр түсті аяқ киім киген. Ерекше белгілер: астыңғы ернінің төменгі жағында меңі бар. «Ер адамның тұрған жерін анықтау мақсатында тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, оның барысында барлық таныс және жақын адамдардан жауап алынды. Барлық камералар қаралды, бірақ ер адамның орналасқан жерін табу мүмкін болмады», – деді ведомстводан. Осы ретте, полиция қызметкерлері Бақтияр Талғатұлы Теміржановтың тұрған жерін білетін немесе оның жоғалуына қатысты қандай да бір ақпаратқа ие адамдар болса «102» арнайы желісіне немесе 29-96-00 телефон нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.
Жүктелуде...