«Қорғасқа» қатынаушы адамдар саны 10 миллионнан асты

«Қорғасқа» қатынаушы адамдар саны 10 миллионнан асты

«Қорғасқа» қатынаушы адамдар саны 10 миллионнан асты
ашық дереккөзі
4 жыл ішінде «Қорғас» шекаралық ынтымақтастық халықаралық орталығына (ШЫХО) келушілердің жалпы саны 10 млн адамнан асты. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА Бейжіңдегі тілшісі «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап хабарлады. Орталыққа келген 10 миллионыншы адам Хубэй провинциясының тұрғыны Лю болды. Ол шекаралық ынтымақтастық орталығына алғаш рет барған. Орталыққа келген 10 миллионыншы адам болу ол үшін күтпеген жағдай еді. «Қорғас» бақылау-өткізу бекетінде шекара қызметінің өкілдері оған гүл сыйлап, мерекемен құттықтады. Басылым хабарлағандай, «Бір белдеу, бір жол» стратегиясын жүзеге асыруда «Қорғас» бақылау-өткізу бекеті Қытайдың Батыс бағытындағы маңызды қақпасы болып отыр. «Қорғас» ШЫХО-ның географиялық мүмкіндіктері мен жеңілдетілген салық саясаты қытайлық және шетелдік кәсіпорындарды қатты қызықтырады. «Қорғас» бақылау-өткізу бекетінің статистикасы бойынша, қаңтар-қыркүйек айларында ШЫХО-ға 3,82 млн. адам барған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 47,7% артық. Еске сала кетейік, «Қорғас» ШЫХО 2012 жылдың 18 сәуірінен жұмыс істеп келеді.