Еліміздің үш өңірінде үсік жүреді – Қазгидромет

Еліміздің үш өңірінде үсік жүреді – Қазгидромет

Еліміздің үш өңірінде үсік жүреді – Қазгидромет
ашық дереккөзі
Қазгидромет 7 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынады. Қазақстан территориясының басым бөлігінде фронталды бөліктің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі. Кей жерде жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды. Тек еліміздің батысы және солтүстігі антициклонның ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерiнде желдің күшеюі, бұршақ жаууы ықтимал. Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарының кей жерінде бұршақ жаууы ықтимал, желдің жылдамдығы 15-21 м/с жетеді. Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерінде қатты дауыл күтіледі. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар, Қызылорда облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде 2 градус үсік күтіледі.