ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына үндеу жасады. «Құрметті азаматтар, қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары Беларусь арқылы Ресейге осы елдің ықтияр хаты немесе РФ Үкіметінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №635-р өкімімен бекітілген тиісті негіздер болған кезде ғана ұшып келе алатынын еске саламыз», – деді СІМ. Қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары Ресейге келесі елдер арқылы ұшып келе алады: Түркия, Швейцария, Мысыр, Мальдив, БАӘ, Қырғызстан, Корея, Куба, Сербия, Жапония, Сейшель аралдары, Эфиопия, Вьетнам, Үндістан, Катар, Финляндия, Әзербайжан, Армения, Греция, Сингапур, Венесуэла, Германия, Сирия, Тәжікстан, Өзбекстан, Шри-Ланка. Сондай-ақ ҚР СІМ Қазақстан азаматтары Ресейге келесі жолдармен жете алатынын еске салды: 1) тікелей әуе рейстерімен; 2) тізбесі РФ Үкіметінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №635-р өкімімен бекітілген елдер арқылы транзитті әуе рейстерімен; 3) РФ Үкіметінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №635-р өкімімен көзделген негіздер болған жағдайда құрлықтық өткізу пунктері арқылы не басқа елдерден келе алады.
Жүктелуде...