Белгісіз адам дүкендегі қайырымдылық жәшігіне 50 мың доллар салып кеткен

Белгісіз адам дүкендегі қайырымдылық жәшігіне 50 мың доллар салып кеткен

Белгісіз адам дүкендегі қайырымдылық жәшігіне 50 мың доллар салып кеткен
ашық дереккөзі
Белгісіз біреу Ташкенттегі қайырымдылық жәшігіне 50 мың доллар салып кеткен, деп хабарлады CentralAsia.Media. Жәшік Korzinka супермаркеттер желісінің бірінде болған. Белгісіз адам оған 50 мың доллар қалдырып кеткен. Бұл туралы әлеуметтік желілерде дүкен жетекшісі Зафар Хошимов хабарлады.
«Бүгін біз тағы бір қайырымдылық қорабын ашып, ақшаны санап жатқанда қораптан оннан астам ақ конверт шықты. Біз оларды ашқан кезде конверттерде 50 000 доллар барын анықтадық. Қасиетті Рамазан айында ауыр науқас балаларға осындай керемет сыйлық жасаған біздің белгісіз отандасымыздың осындай шынайы әрекеті осы оқиғаның куәгері болған осы қасиетті айдың кереметіне деген сенімімізді нығайтты», – делінген хабарламада.