Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар
ашық дереккөзі
Осы аптада еліміздің орталық және жергілікті атқарушы органдарда бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Апта басында ҚР Үкіметінің қаулысымен Ерлан Қожағапанов ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды . Ерлан Қожағапанов 1968 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1992 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1999 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған. 2006 жылы Ресей Кеден академиясын бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі — заңгер, экономист, қаржыгер, кеден ісінің маманы. 2020 жылғы тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары болды. Қазақстанның Украинадағы жаңа Құрметті консулы тағайындалды. Украинаның Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның Днепр қаласындағы жаңа Құрметті консулы Инна Медяникке консулдық экзекватураны ресми тапсыру шарасы өтті. Экзекватураны Украина Сыртқы істер министрінің орынбасары Евгений Енин Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаевтың қатысуымен тапсырды. Айта кетейік, Құрметті консулдық – Құрметті консул (штаттан тыс) басшылық ететін мекеме. Құрметті консул өзі өкілдік ететін елде мемлекеттік лауазым атқармайтын, өз қызметін тегін негізде орындайтын азамат. Оның міндетіне өзі өкілдік ететін мемлекет пен оның азаматтарының құқығын қорғау кіреді. Алайда ол виза және өзге де ресми құжаттарды беру мәселесіне жауап бермейді. Тимур Жиенбайұлы Қарағойшин ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Т.Қарағойшин Алматы сәулет-құрылыс институтын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша (1985 жылы), сондай-ақ Технология, құрылыс, бағалау және сапаны басқару университетін «заңгер-сарапшы» мамандығы бойынша (2004 жылы) бітірген. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және ТКШ істері комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалғанға дейін «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау« РМК бас директоры болып жұмыс істеді. Мемлекет басшысының өкімімен Әсет Қазақбайұлы Шындалиев Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды. *** Бұл аптада Нұржігітов Нұржан Молдиярұлы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Нұржігітов Нұржан Молдиярұлы 1967 жылы туған, білімі жоғары. 1991 жылы Еңбек Қызыл Ту орденді Ленинград ауылшаруашылық институтын «Инженер-механик», 2008 жылы Жамбыл гуманитарлық техникалық университетін «Экономика» мамандықтары бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің құрметті профессоры. 2019 жылдың тамызынан бастап бүгінгі күнге дейін Байзақ ауданының әкімі лауазымында қызмет атқарып келді. Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Медетов Расул тағайындалды. Расул Махмудұлы 1986 жылы туған, білімі жоғары. 2008 жылы Алматы заң академиясын «Құқықтану», 2010 жылы «Қазтұтынуодағы» Қарағанды экономикалық университетін «Экономика», 2013 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Заң және саясаттану» (магистратура), 2016 жылы Шеффилд университетін (Ұлыбритания) «Басқару және мемлекеттік саясат» (магистратура) мамандығы бойынша бітірген. 2020 жылғы қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің серіктестік департаментінің директоры лауазымында қызмет атқарып келді. Мәдібек Қанатбек Қайшыбекұлы Жамбыл облысы Талас ауданының әкімі болып тағайындалды. Мәдібек Қанатбек Қайшыбекұлы 1977 жылы туған, білімі жоғары. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1998 жылы Жаңатас қаласындағы «Водоканал» кәсіпорнында инженер болып бастаған. 2020 жылғы тамыздан бастап Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымында қызмет атқарып келді. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Байзақ аудандық мәслихатының келісімдері бойынша Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Бақыт Қазанбасов Байзақ ауданының әкімі болып тағайындалды. Бақыт Алпысбайұлы Қазанбасов 1961 жылы туған, білімі жоғары. 1996 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын «Инженер-технолог», 2005 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1983 жылы №2 Жамбыл астық өнімдері комбинатында жұмысшы болып бастады. 2019 жылдың қарашасынан бастап бүгінгі күнге дейін Талас ауданының әкімі лауазымында қызмет атқарып келді. Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне Руслан Хамбаров тағайындалды. Ол бір жыл бұрын облыс әкімінің орынбасары болып, шағын және орта бизнестің дамуына, жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек қызметіне жауап берді. Руслан Хамбаровтың білімі жоғары. Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтын, «Тұран-Астана» университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2010 жылы «ҚазЦинк» ЖШС қаржы жөніндегі вице-президентінің көмекшісі ретінде бастаған. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі 2020 жылдың наурыз айынан бастап облыс әкімінің орынбасары болды. Бұған дейін Қарағанды облысының жолаушылар көлігіжәне автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметін атқарған Әскербек Халтонов Шахтинск қаласының әкімі лауазымына тағайындалды. Ә. Халтонов еңбек жолын «Қарағанды жолдары» АҚ жол жұмысшысы болып бастады, одан кейін шебер, бас инженер, бастықтың орынбасары болып жұмыс істеді. 2005 жылдың сәуір айында мемлекеттік қызметке келді. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының әкімі болып бұрын Шахтинск қаласын басқарған Сержан Аймақов тағайындалды. Сержан Аймақов 1989 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. 2015 жылдан бастап осы уақытқа дейін Шахтинск қаласын басқарды. Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы болып Жасұлан Жұмашев тағайындалды. Жасұлан Жұмашев 1968 жылы Орал облысында дүниеге келген. Ол 1990 жылы Кеңес Одағының Маршалы В.Д. Соколовский атындағы Қызыл Ту орденді Новочеркасск жоғары әскери басшылығының байланыс мектебін бітіріп, 2003 жылы ҚР Қарулы күштерінің Әскери академиясын тәмамдады. Мамандығы – телекоммуникациялық жабдықтарды пайдалану инженері, жоғары әскери білімі бар офицер. 2016 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып жұмыс істеді. Бұл аптада Ұлттық статистика бюросының Павлодар облыстық департаментінің басшылығына Жақан Жәкенов тағайындалды. Осы тағайындалуына дейін Жақан Жәкенов 10 жыл департамент басшысының орынбасары болып қызмет етті. Статистика департаментінің жаңа басшысын аппарат мәжілісінде аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов таныстырды. Жақан Жәкенов 1967 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. 2007 жылы Алматы экономика және статистика академиясын бітірді. Еңбек жолын 17 жасында Екібастұздың аудандық мамандандырылған шаруашылық бірлестігінде (АМШБ) слесарь болып бастаған. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшылық құрамы өзгерді. «ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы бірінші орынбасарының міндетін атқарушы болып Бауыржан Орынбасаров тағайындалған. Бұған дейін ол «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрамындағы «Магистралдық желі дирекциясы» филиалының директоры болды. Еңбек жолын 1994 жылы жолдар бойынша кезекші болып бастаған. Әр жылдары бас инженер болып жұмыс істеді, ҚТЖ филиалдарын – жолдың аймақтық бөлімдерін басқарды; вице-президент, ҚТЖ басқарма төрағасының инфрақұрылым жөніндегі орынбасары болды. Сонымен қатар, басқарма төрағасының логистика жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы болып Ержан Жақышев, басқарма төрағасының жүк қозғалысы жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы болып Қанат Әлмағамбетов тағайындалды. Басқарма төрағасының корпоративтік мәселелер және HR жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы болып Серік Кеулімжаев бекітілді. Құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директордың міндетін атқарушы болып Ержан Жанғаулов тағайындалды. Қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директордың міндетін атқарушы болып Ерсайын Нағаспаев тағайындалды. Камила Қамназарова «Ел арна» телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды. К.Қамназарова 2004 жылы «Хабар» агенттігі» АҚ-да өзінің еңбек жолын «Caspionet» арнасының редакторы ретінде бастады. Редактор ретінде ол телевизиялық журналдар шығарумен айналысты. Арна редакторының жұмысымен қатар, К.А.Қамназарова «7 күн», «Аймақтар және күш/регионы и власть» бағдарламаларында тілші және «Тағдыр желісі/Линия судьбы» бағдарламасының сценарий авторы болып жұмыс істеді. 2017 жылдың сәуір айында К.Қамназарова «Ел арна» арнасының бас редакторы қызметіне ауысып, жаңа арнаның ашылуына белсене ат салысты және қазіргі уақытқа дейін арнаның мазмұны мен редакциялық саясатын қалыптастыру мен жүзеге асырумен келеді. «Нұр-Мұқасан» тобының экс-солисі Мұқасан Шахзадаев «Алматы әуендері» мекемесінің көркемдік жетекшісі болып тағайындалды. Мұқасан Шахзадаев - 1972 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Талас ауданында туған. Танымал эстрада әншісі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты. 1989 жылы Тараз мәдени училищесін бітірген. 1990 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің (бұрынғы Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтынның) музыка факултетін тәмамдаған. 1990 жылы «Нұр-Мұқасан» дуэтін құрып, сол топта осы 25 жыл өнер көрсетті.