Ұсыныс: Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін бір мезгілде шырқап, әншіге құрмет көрсетсек

Ұсыныс: Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін бір мезгілде шырқап, әншіге құрмет көрсетсек

Ұсыныс: Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін бір мезгілде шырқап, әншіге құрмет көрсетсек
ашық дереккөзі
Әнші, композитор Ескендір Хасанғалиев дүниеден өтсе де, оның жарқын бейнесі, әуезді әндері халықтың жадында сақталып қалары сөзсіз. Белгілі ақын, журналист Қуат Бораш дарын иесіне құрмет көрсету үшін «Атамекен» әнін бір мезгілде бүкіл ел болып шырқауды ұсынды. «Қазақтың музыка өнеріндегі Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев, Әсет Бейсеуов сияқты біртуар тұлғалармен өмірде ғұмырлас, өнерде тұғырлас болған ғажайып өнер иесі Ескендір Хасанғалиевтің дүниеден озуымен ұлт мәдениетіндегі тұтастай бір дәуірдің мәңгілікке көшіп бара жатқаны ақиқат. Бәрін айтпасақ та, композитордың бір ғана «Атамекен» әні қаншама ғазиз жүректерге қазақ даласына, қайсар бабасына деген ұлы махаббаттың дәнін септі» дейді Қ.Бораш, Facebook әлеуметтік желісінде жазбасында Оның айтуынша, індет күшейіп тұрғанда, бақилық болған өнер иесін соңғы сапарға шығарып салуға тіпті жақын туыстарының өзінің мүмкіндігі бола бермеуі түсінікті. Осындай кезде Ескендір Хасанғалиевтің әйгілі «Атамекен» әнін бір мезгілде шырқасақ, танымал тұлғаға құрметімізді білдіріп әрі бірлігімізді танытар едік. «Әрине, қазіргідей пандемия тұсында композиторды мәңгілік сапарға аттандырып, топырақ салу жалпы жұртшылыққа ғана емес, жақындарына да қиындық туғызатыны анық. Бірақ дарын иесіне деген соңғы құрметті танытудың басқа да жолы бар деп ойлаймын. Айталық, нақты бір мезгілде, бір сағат, бір минутта алдын ала келісе отырып, отандастарымыздың бәрі «Атамекен» әнін үйінде, көлігінде, жұмыста отырып бірге шырқаған жағдайда дара тұлғаның рухы разы болар еді. Бұл Қазақ елінің бірлігін одан әрі бекітіп, ұлт мәдениетіне деген құрметтің белгісіне айналар еді» дейді Қуат Бораш. Еске сала кетейік, 30 сәуірде композитор, Мемлекеттік сыйлық иегері, Қазақстан КСР халық әртісі Ескендір Хасанғалиев 82 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Бұған дейін өнер иесінің жары Дарико Хасанғалиева екеуі жансақтау бөілімінде жатқаны туралы хабарланған болатын.