Карантиндік шектеулерді ескере отырып, министрліктер мен ведомстволардың басшылары мамыр айында «Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық бөлмесінде азаматтардың жеке қабылдауын онлайн форматта өткізеді.
5 мамырда – Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил;
12 мамырда – Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов;
14 мамырда – Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев;
18 мамырда – Әділет министрі Марат Бекетаев;
19 мамырда – Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин;
21 мамырда – Ұлттық экономика вице-министрі Әлібек Қуантыров;
26 мамырда – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек;
28 мамырда – Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов азаматтарды қабылдайды.
Кездесуге жазылу үшін:
Call-орталық: 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін);
WhatsApp: 8 700 800 4441;
komek@nurotan.kz.
Айта кету керек, былтыр «Nur Otan» партиясына бүкіл ел бойынша 393,2 мыңнан астам өтініш түскен. Сонымен қатар, соңғы 5 жыл ішінде партияға 1,2 миллион адам жүгінді, оның ішінде 423 мыңнан астамы – онлайн форматта. Оның 92% оң шешімін тапты: ақысыз консультациялар, заңдық және басқа да көмек көрсетілді.
Халықты негізінен әлеуметтік қамсыздандыру - 30%, ТКШ - 16%, тұрғын үй - 15%, еңбек даулары - 14%, құрылыс - 9%, білім беру - 9%, медициналық қызмет - 7% мәселелері алаңдатады.
«Халыққа көмек» жобасы аясында Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде заңгерлермен, адвокаттармен, медиаторлармен және нотариустармен ақысыз консультативті онлайн кездесулер ұйымдастырылды.