Батыс Вирджиния штатының билігі 16-35 жас аралығында вакцина алған тұрғындарға 100 АҚШ доллары көлемінде сыйақы ұсынбақ. Бұл туралы ВВС агенттігі хабарлайды. Батыс Вирджиния штатының губернаторы Джим Джастистің айтуынша, жастар вакцина алудың маңызын жете түсінбейді, сол себепті олар бұл індетті жеңу үшін жастарды осындай жолмен ынталандыруды қолға алмақ. Сонымен қатар, сыйақы берілу туралы шешім қабылданғанға дейін вакцина алған жастарға да ақша төленбек.
Жүктелуде...