Зейнеткер 700 мың теңге қарызын қайтармаған бойжеткеннің көлігін айдап кеткен

Семей қаласында полиция қызметкерлері бойжеткеннің көлігін айдап кеткен зейнеткерді ұстады.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, Затон полиция бөліміне 18 жастағы бойжеткен арыз түсірген. Ол түс кезінде бейтаныс ер адамның «700 мың теңге қарызыңды қайтармағаның үшін» деп көлігін айдап кеткенін жеткізді.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген криминалдық полиция қызметкерлері 65 жастағы ер адамды қолға түсірді. Күдікті бірден полиция бөліміне жеткізілді», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 389-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Back to top button