Су тасқыны: Қарамырза ауылының тұрғындарына 21 млн теңге беріледі

Су тасқыны: Қарамырза ауылының тұрғындарына 21 млн теңге беріледі

Су тасқыны: Қарамырза ауылының тұрғындарына 21 млн теңге беріледі
ашық дереккөзі
Су тасқынынан зардап шеккен Қостанай облысы Қарамырза ауылының тұрғындарына көрсетілетін көмектің жалпы сомасы 21 миллионнан астам теңге. «Су тасқынынан зардап шеккен Қарамырза ауылдық округі бойынша мемлекеттік бюджеттен берілетін әлеуметтік көмектің жалпы көлемі 8 021 750 теңге», – деп хабарлады Қарасу ауданы әкімінің орынбасары Эльдар Мұханов. Бұдан басқа, «Қазақстанның Қызыл Жарты ай» қайырымдылық қоры мен Б.Өтемұратов атындағы қор 181 адамға жалпы сомасы 9 050 000 теңгеге материалдық көмек көрсетеді. Сондай-ақ, «Қарасу Астық» ЖШС жалпы сомасы 2,5 млн теңгеге материалдық көмек алады. «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті одағы» қоғамдық бірлестігінің әлеуметтік және қайырымдылық көмек қоры» Қарамырза ауылының жалпы білім беру мектебінің қызметкерлеріне 1 440 000 теңге көлемінде материалдық жәрдем берді», – деп қосты аудан әкімінің орынбасары. Еске сала кетсек, 12 сәуірде Түнтігір өзені тасып, салдарынан Қарамырза ауылында 60 үйді су басты.