Министр Алексей Цой QazVac вакцинасын салдырды

Министр Алексей Цой QazVac вакцинасын салдырды

Министр Алексей Цой QazVac вакцинасын салдырды
ашық дереккөзі
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алғашқылардың бірі болып КВИ-ге қарсы отандық QazVac вакцинасын салдырды. «Вакцинаның алғашқы партиясы Биологиялық қауіпсіздік мәселелер жөніндегі институтта 50 мың дозамен өндірілді. Институтымыз вакцинаны дербес өндіруге мүмкіндігі бар. Қазақстанда өндірілген дозалар барлық өңірлерге жіберілді. Мұнан ары өндірісті ұлғайта түсу үшін түрлі алаңдарды қарастырып жатырмыз. Бұл – түрік серіктестеріміздің алаңы. Сонымен Гвардейскийде өзіміздің зауытты салу үстіндеміз», – деді Алексей Цой тікелей эфирде QazCOVID-in вакцинасын алғаннан кейін «Хабар 24» телеарнасына. Айта кетейік, 22 cәуір күні COVID-19-ға қарсы қазақстандық QazVac (QazCovid-in) вакцинасының алғашқы партиясы жөнелтілді.