Дәрігерлер «Бұқар жырау Тауэрс» тұрғын үй кешені күзетшісінің жағдайы туралы айтты

Дәрігерлер «Бұқар жырау Тауэрс» тұрғын үй кешені күзетшісінің жағдайы туралы айтты

Дәрігерлер «Бұқар жырау Тауэрс» тұрғын үй кешені күзетшісінің жағдайы туралы айтты
ашық дереккөзі
«Бұқар жырау Тауэрс» тұрғын үй кешені күзетшісінің аяғын оқ тесіп өткен. Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері хабарлады. «Бұқар жырау Тауэрс» тұрғын үй кешенінде ер адам мен күзетші арасында жанжал болып, нәтижесінде ер адам аңшы мылтығымен күзетшінің аяғынан атқан еді. «Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты, барлық қажетті терапия жасалады. Ол тесіп өткен жарақат алған. Барлық жедел шара жүргізілді», - деді басқарма өкілдері.