Алматыдағы «Бұқар Жырау» тұрғын үй кешенінде болған оқиғаның мән-жайын полиция баяндады (видео)

Алматыдағы «Бұқар Жырау» тұрғын үй кешенінде болған оқиғаның мән-жайын полиция баяндады (видео)

Алматыдағы «Бұқар Жырау» тұрғын үй кешенінде болған оқиғаның мән-жайын полиция баяндады (видео)
ашық дереккөзі
«Бұқар Жырау Тауэрс» тұрғын үй кешенінде болған атысқа қатысты арнайы операция аяқталды. Осы оқиғаға байланысты ПД өкілі Салтанат Әзірбек пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.  Оның сөзінше, полиция күдіктімен ұзақ уақыт бойы келіссөз жүргізген. Оған прокуратура және күдіктінің жақындары қатысқан. «Бірнеше минут бұрын Алматы қаласының Бостандық ауданының «Бұқар Жырау Тауэрс» тұрғын үй кешінінде арнайы операция аяқталған болатын. Оған түрткі болған жергілікті тұрғын күзетшімен жанжалдасып, тұрғын оған оқ атқан.  Оқ оның аяғына тиіп, жарақат алды. Қаладағы медициналық мекеменің біріне жеткізіліп, тиісті көмек алды. Азаматтың аты-жөні анықталып, сол тұрғын үйдің тұрғыны екені белгілі болды. Полиция ұзақ уақыт бойы келіссөздер жүргізді, оған полиция мен прокуратура қызметкерлері және күдіктінің жақындары қатысты. Ол полицияның айтқандарына келіскен жоқ, керісінше есіктің сыртына қарай отыз шақты рет оқ жаудырды», – деді Алматы Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы С. Әзірбек. Сонымен қатар, полиция өкілі оқиға салдарынан тұрғындар мен полиция қызметкерлері зардап шекпегенін айтты. https://www.youtube.com/watch?v=XenC019Fr9Y «Азамат алдында жауапкершіліктен қашып, қорқып, нәтижесінде өзіне қол жұмсады. Он жетінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен қолында қарумен құлап түсті, өзіне-өзі қол жұмсады. Оқиға болған жерде жедел тергеу тобы өз жұмысын жүргізіп жатыр, оқиғаның мән-жайы, себеп-салдары әлі де анықталады. Ол туралы арнайы хабардар етеміз. Жергілікті тұрғындар мен полиция қызметкерлері зардап шеккен жоқ. Ал күзетші ауруханада», – деді Салтанат Әзірбек.