КСРО гимнінің авторы сатқынның туысы ма?

КСРО гимнінің авторы сатқынның туысы ма?

КСРО гимнінің авторы сатқынның туысы ма?
ашық дереккөзі
Кеңестік кезеңде көптеген нәрселер аса құпия сақталғаны себепті талай тұлғалар туралы шындықтарды білмей келдік. Мәселен, кезінде КСРО гимнінің авторларының бірі − Сергей Михалковқа қатысты әңгімелерді... Кезінде «Союз нерушимый республик свободных» деп басталатын қызыл империяның гимні әлі талайлардың есінде шығар. Міне соның сөзін жазғандардың бірі С.В.Михалков (13.03.1913 − 27.08.2009) еді. 1943 жылы Георгием Эль-Регистанмен (Габриэль Аркадьевич Уреклян) бірге КСРО гимнінің сөзін жазып, ол 1944 жылы алғанш рет орындалды. Одан кейін 1977 жылы сол гимннің жаңа редакциясын жасады. Музыкасын А.В.Александров (1883-1946) жазған бұл туынды 2001 жылы Ресей федерациясының гимніне айналғанда, С.Михалков бір музыкаға үшінші рет мәтінін жазу бақытына ие болды. Әрине, гимн авторларының бірі болу оңай емес, ондай дәрежеге жеткен адам мемлекетте салмақты тұлғалардың біріне саналады. Бірақ қалай дегенде де ол кезде мемлекеттік мүдде бәрінен жоғары тұратын еді. Сондықтан Сергей Михалковтың туған бауыры Михаил Михалковқа қатысты шетін жағдай КСРО гимні авторының өмірін түбегейлі өзгеріс әкелуі мүмкін еді. Ол қандай жағдай? Михаил Михалков ағалары Сергей мен Александр секілді неміс тілін өте жақсы меңгерген. Себебі оларды Эмма Ивановна атты неміс әйелі тәрбиелеген. Михаилге неміс тілін жақсы білгенінің арқасында ол НКВД арнайы мектебіне қабылданды. Соғыс басталған кезде Сергей, Александр және Михаил майданға аттанды. Бірақ Михаил Михалков СМЕРШ (Смерть шпионам − Шпиондарға өлім деген сөздік қысқарған түрі. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Кеңес Одағындағы бір біріне қарсы тәуелсіз қарсы барлау ұйымдарының атауы) құрамына енген арнайы бөлімге қызмет етуге жіберілді. Егер Сергей Михалковтың «Інім туралы» деген мемуарына сенсек, соғыс басталғаннан кейін анасы Михаилдің жоғалып кеткендігі туралы хабар алды. Алайда, осыдан біраз уақыт бұрын Сергей Михаилды көріп, оның маңызды тапсырмамен жіберілгенін білген еді. Бірнеше айдан кейін әскери дәрігер Сергейдің туыстарына Михаилді фашистер атып тастағанын жеткізеді. Сөйтіп 1945 жылдың аяғына дейін, яғни Михаил Сергейден Лефортово түрмесінен жолдаған хаты келгенше хабарсыз болды. Кейін белгілі болғандай, осы уақыт аралығында Михаил Михалков СС қатарында қызмет еткен. 1941 жылы Михалков жаудың қолына түсіп, одан қашып құтылған,бірақ ол өз адамдарына оралмаған. Неміс офицерін өлтіргеннен кейін Михаил Владимирович соның формасын киіп, көп ұзамай фашистердің қолына түсті. Неміс тілін жетік білу Михалковты СС капитаны екенін дәлелдеуге көмегін тигізген, алайда оның қалтасынан офицердің құжаты шықпаған. Сондықтан Михаилді анықтау үшін немістер бірнеше күн оны тұтқында ұстаған. Сөйтіп тексеру соңында Михалковтың пайдасына шешілген. Сол күннен бастап 1945 жылға дейін Михаил Михалков жау жағында болды, тіпті SS панцирлік дивизиясын басқарды. Алайда, «Тыңшылық және жазушылар» кітабының авторы Алексей Казаковтың пікірінше, Михалков Кеңес өкіметі үшін жау туралы қажетті ақпарат алған заңсыз агент болған. Соғыс аяқталардан сәл ғана бұрын Михаил Михалков майдан шебін кесіп өткенде оны СМЕРШ офицерлері бірден тұтқындап,  Лефортово түрмесіне түсті, ол жерден өзінің үлкен ағасына хат жазды. Жау тылында тек өзінің Отанына қызмет еткенін, неміс офицері кейпінде жүріп құпия ақпарат алғанын, тіпті партизандық қозғалысты үйлестіргенін мәлімдеді. Бірақ чекистер Михалковқа сенуге асықпады. Тіпті ол атылып кетуі де мүмкін еді. Бірақ КСРО гимнінің авторы ағасы Сергей Михалков Лаврентий Берияға дейін барып, бауырын қорғап қалды. Әйтеуір Михаилдің партизан отрядын ұйымдастырғаны расталған көрінеді. Бірақ ол бәрібір бес жылға бас бостандығынан айырылды. Кейін ол Рязань қаласындағы лагерде жазасын өтегеннен кейін жазумен айналысқан, бірақ шығармаларына «Андронов» және «Луговых» бүркеншік аттарды пайдаланған. Дегенмен әлі күнге атақты Сергей Михалковтың бауыры неміс жағына қызмет етті ме деген күмән бар...