Мемлекет басшысы Қазақстанда жасалған вакцинаға қатысты пікір білдірді

Мемлекет басшысы Қазақстанда жасалған вакцинаға қатысты пікір білдірді

Мемлекет басшысы Қазақстанда жасалған вакцинаға қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан әлем бойынша вакцина шығарған бірнеше елдің қатарында екенін айтып, мамандарға алғыс білдірді.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.

«QazVac вакцинасы еліміздің өңірлеріне жеткізіле бастады. Барлық азаматтарға қолжетімді болу үшін отандық екпе өндірісін ұлғайтамыз. Қазақстан әлем бойынша өз вакцинасын шығарған бірнеше елдің қатарында. Екпені әзірлеген ғалымдар мен мамандардың бәріне алғыс айтамын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.