Енді нысандар құрылысының сапасын «Халықтық бақылау» қадағалайды

Енді нысандар құрылысының сапасын «Халықтық бақылау» қадағалайды

Енді нысандар құрылысының сапасын «Халықтық бақылау» қадағалайды
ашық дереккөзі

Алматы тұрғындары енді мегаполистегі нысандар құрылысының барысын өздері бақылай аладыҚұрылыс процесіне жедел қоғамдық мониторинг жүргізу үшін және қандай да бір бұзушылықтар анықталған жағдайда «Халық бақылаушылары» дереу партиялық бақылау комиссиясына хабарлайды.

Жоба «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының басшысы, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша бастау алды.

 width=

Мегаполис тұрғындары үшін ең өзекті мәселелердің бірі – мектеп құрылысы. Қалада көптеген жас отбасылар тұрады, олардың арасында көпбалалы отбасылар бар. Бұл оқушы орындарының жетіспеушілігіне әкеледі. Аталған мәселені қолданыстағы мектептерге жапсаржай салу арқылы шешуге болады.

Қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиев мәслихат депутаты Гүлжан Бекеновамен бірге Алмалы ауданында орналасқан №144 мектеп-гимназиясына жапсарлас 300 орындық оқу корпусы құрылысының барысын тексерді.

 width=

«Халық бақылаушылары» жағдаймен жеке танысып, мердігерлермен және техқадағалаумен кездесті. Қазіргі уақытта актзалының бетон еденін құю, ішкі арақабырғалар мен терезелерді орнату жұмыстары аяқталды.

«Мектептерге жапсаржай салу балалардың білім алуы үшін толыққанды жағдай жасауға көмектеседі. Келісімшартта жұмыстарды орындау мерзімі ағымдағы жылдың желтоқсан айы деп көрсетілген. Енді құрылыс барысын тек партия мен депутаттар ғана емес, алматылықтардың өздері де бақылайтын болады. Бұл мәселе партияның Жол картасында да көрініс тапқан. Мысалы, биыл 12 600 орындық 8 мектеп және 8 388 орындық 17 мектепке қосымша жапсаржай салу қарастырылған», – деп атап өтті партияның қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиев.

Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің жаңа басшылары пайда болды. Мәселен, комиссияны басқару құқығы депутат Әміржан Нәбиевке сеніп тапсырылды. Оның депутаттық корпус бойынша әріптесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Зәуреш Өмірбаева сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесті басқаратын болады.