Келіссөз жүріп жатыр: Головкиннің келесі қарсыласы кім?

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) жыл соңында жапондық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жекке шығуды жоспарлап отыр, – деп жазды Sports.kz.

Алғашқы болып бұл жаңалықты DAZN тілшісі Крис Мэнникс хабарлаған:

«Дереккөздер мәліметінде, Головкин мен Муратаның өкілдері Жапонияда бірлескен жекпе-жек өткізу туралы талқылау жүргізген. Жекпе-жек желтоқсанның аяғына, Жаңа жыл және Жапониядағы бокс күні қарсаңына жоспарлануда».

Кейін бұл ақпаратты Головкиннің промоутері Эдди Хирн растады: «Геннадий Муратамен жекпе-жекті 31 желтоқсанға жоспарлап отыр».

Сонымен қоса Хирн Головкиннің бұған дейін америкалық Деметриус Андрадемен (30-0, 18 КО) тағы бір бірлескен жекпе-жек өткізетініне сенім білдірді.

Back to top button